Қазақстан Республикасының юниорлар мен жастар арасындағы тоғызқұмалақтан
классика мен блицтен жекелей чемпионаты
Қазан айының 30-шы жұлдызы мен қараша айының 4-ші жұлдызы аралығында мектебімізде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасының юниорлар мен жастар арасындағы тоғызқұмалақтан классика мен блицтен жекелей чемпионаты» өтті.
Осы жарыс оқушылардың тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа моральдік қасиеттерді тәрбиелеуге үйретеді.
Турнирге 14 облыс және 2 қаладан 445 ойыншы қатысты. Олар: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облысы, Астана және Алматы қаласы.
Тоғызқұмалақ жарысының нәтижелері төмендегідей:
14 жас қыздар
І орын - Салман Аружан - ОҚО
ІІ орын - Егінбай Аяжан - Павлодар
ІІІ орын - Айжарық Балнұр - Қызылорда
14 жас ұлдар
І орын - Тілегенов Алмас - Ақтөбе
ІІ орын - Сейтжапар Нұрдәулет - Жамбыл
ІІІ орын - Боранбай Ернұрсұлтан - Жамбыл
16 жас қыздар
І орын - Кенжебекова Ақерке - Қызылорда
ІІ орын - Есіркеп Құндыз - Астана
ІІІ орын - Алдабергенова Гүлжанат - Ақтөбе
16 жас ұлдар
І орын - Сулейменова Нурсултан - Павлодар
ІІ орын - Батырбек Бейбарыс - ОҚО
ІІІ орын - Далиев Эльдиар - ОҚО
20 жас ұлдар
І орын - Кайдаров Азамат - Ақтөбе
ІІ орын - Алайдар Ермұхамед
ІІІ орын - Сулеймен Абылай - ОҚО
20 жас қыздар
І орын - Каримова Лина - ОҚО
ІІ орын - Махамбеталина Ұлдана - Қызылорда
ІІІ орын Базаралиева Гульнара - Астана
Жиын соңында ҚР тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушысы Капаев Дастан Исатайұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы филология ғылымының кандидаты және тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы Шотаев Мақсат Есенбекұлы, Жарыстың бас төрешісі Төлегенов Бауыржан Өндербайұлы жарысқа келген барлық оқушыларды медальдар мен құрмет грамотасымен марапаттады